Қиямет күні Алла сиырдан сұрайды екен:
- Ей, сиыр, мен сені сиыр қылып жаратқаныма
разысыңба?
Сиыр: - Разымын, қой қылып жаратпағаныңа
шүкір!
Қойдан сұрайды екен: - Ей, қой, мен сені қой қылып жаратқаныма
разысыңба?
Қой: - Разымын, есек қылып жаратпағаныңа
шүкір!
Есектен сұрайды екен:
- Ей, есек, мен сені есек қылып жаратқаныма разысыңба?
Есек: - Разымын, шошқа қылып жаратпағаныңа
шүкір!
Шошқадан сұрайды екен:
- Ей, шошқа, сені шошқа қылып жаратқаныма
разысыңба? Шошқа: - Жоқ, разы емеспін. Сен мені харам
қылып жараттың. Терімді, етімді харам қылдың.
Адамдар мені көргенде жиіркенетін болды.
Сонда Алла айтады екен:
- Ей, шошқа, артыңа бір қара,- деп.
Шошқа артына қараса, сан-санақсыз адамдарды көреді екен де, Алладан сұрайды
екен:
- Я, Аллаһым! Бұлар кім?
Алла Тағала: - Бұлар Мұхаммед (с.а.у) тің
бейнамаз үмметтері, - дейді екен.
Сонда шошқа: - Аллаһым, шошқа қылып жаратқаныңа разымын. Мұхаммед (с.а.у) тің
бейнамаз үмметі болып жаралмағаныма шүкір!
- деп, айтады екен...
Біз пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у)
намазхан үмметтері қатарында болайық,
бауырлар! Əмин!