ХАЛАЛ ДИЕТА ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК
Дереккөз: idealwoman.org
Аударған: Жәннатқа асығыңдар ツ
Жеген тағамымызға көңіл бөлейік. Қазіргі таңда, біз балаларымыз біздің тілімізді алмайды деп налимыз. Бірақ, осының сыры неде? Егер біз харамнан тамақтандыратын болсақ, біраз уақыт өткен соң олардың ойлары да харамға айналады. Жақсылап ұғынып алыңыздар, халал тағамнан халал ой мен халал əрекет туындайды. Дəл солай, харам тағам харам ой мен əрекет туындатады.
Шейх Ашраф Али Сануи айтады: "Егер ата-ана баласы жарық дүние есігін ашқанға дейін өз-өздерін қалыпқа келтірмесе, онда баламыз неге жақсылар қатарынан болмады деудің еш қисыны жоқ. Жүктілік кезіндегі ата-ананың əрекеті əлі туылмаған балаға өте қатты əсер етеді. Осыған орай, тазаның баласы сəйкесінше таза болады".
Бірде, салиқалы, жеген тағамы таза болған кісіден сұрапты:
- Өзіңіз сондай салиқалы, діндар адамсыз. Бірақ, балаңыз сондай тəртіпсіз...
- Бір күні мен бір бай кісіден шақырту алып, оған қонаққа бардым. Ол кісінің тапқан табысы күмәнді еді. Сол тамақтан кейін менің нəпсім оянып, жарыммен жақындасып, жарым содан бала көтерді. Бұл бала-сол харам тағамның жемісі.
Сондықтан, жүктілік кезінде (əсіресе) халал табыстан болған халал тағам жеудің маңызы өте зор. Егер тағамға байланысты күмəн келтірсеңіз, оны ысырып қойыңыз.