🌸 Құран сүрелерін жаттауға көмек берер кеңестер
✔ Шынайы ықылас. Құранды тек "Алланың разылығы, Оның сансыз сауаптары,Раббымыздың мейіріміне бөлену үшін"деп қана жаттайтыныңызға көз жеткізіңіз! Және ниетіңізді жаңалағанның артықтығы жоқ. Құранды "ел білсін, естісін, көрсін!" деген ниетпен немесе мақтану үшін жаттау дұрыс емес.
✔ Тұрақтылық. Аяттарды жиі оқыған сайын жаттау жеңілірек болады. Бір күнді де жібермеуге тырысу қажет. Құлшылықта демалыс жоқ. Мүлдем уақытыңыз жоқ болса, ең болмағанда күніне 3-5 жолдан жаттап отырыңыз! Егер сіз осы ұдайылықты сақтасаңыз, Алла қаласа, 5-6 жылдың ішінде Құранды толық жаттап шығасыз.
✔ Уақыт. Күннің бастамасын Құранды оқумен бастаңыз! Тіпті таңғы асыңызға дейін оқуға тырысыңыз, себебі Құран - сіздің рухани азығыңыз. Құран жаттау үшін ең абзал уақыт - таң намазынан алдын.
✔ Мекен. Бар зейініңізді тек Құранға аудару үшін және ойыңызды күйбең тірліктің мәселелері бөлмеу үшін тыныш бір орынға жайғасыңыз! Мазаңызды алатын ұялы телефон, компьютер, теледидар сынды техника құралдарын өшіріп тастаған абзал.
✔ Әрбір күні бір уақытта, бір мекенде Құран кітабының бір ғана нұсқасын қолдануды әдетке айналдырыңыз! Сіздің жаныңызға қымбат, жекеменшік Құран кітабыңыз болуы керек. Құран жаттау өміріңізді онсыз елестете алмайтын үрдіске айналсын!
✔ Қайталау. Қайталау - есте сақтаудың кілті.
✔ Аяттарды мағынасымен жаттаңыз! Аяттарды жаттамас бұрын әуелі оқып алып, мағынасын түсініңіз!
✔ Жаттау алдын сол аятты тыңдап алған да пайдалы. Бұл сізге дыбыс шығаруда кездесер қиындықтарды жеңуге жәрдем береді және есте сақтаудың сапасын жақсартады.
✔ Құран сүрелерін жақсы білетін ұстазыңыз дос, жанұя мүшесі болсын! Ол сіздің күн сайын жаттаған аяттарыңызды тексеріп тұрсын! Немесе Құран жаттап жүрген адаммен бір-біріңізді тексеріп тұрыңыздар!
✔ Әр намазыңызда жаттаған аяттарыңызды оқыңыз! Бір жерін ұмытып қалсаңыз, Құраннан қарап бірден қателігіңізді жөндеп аласыз және ол қателігіңізді ешқашан қайта жасамайтын боласыз!
✔ Жаттауға қиналсаңыз да, бір сүрені бітірмей жатып, екіншісіне көшпеңіз! Сонда ғана қиындыққа берілмей, сіз үшін қиын болған сүрені жаттағаныңыздың жемісін көресіз!
✔ Әр сәтті пайдаланып, аяттарды қайталау әрі еске түсіру үшін жаттап жүрген сүреңіздің көшірмесін әрдайым өзіңізбен ала жүріңіз!
✔ Дұға. Жеңіл жаттау нәсіп етуін тілеп, Аллаға дұға етіңіз!
✔ Сүрелерді дауыстап оқыңыз! Дауыстап оқу тек жаттауға ғана емес, сондай-ақ өз-өзіңізді тыңдауға көмектеседі.
✔ Жаттар аяттарыңыздың ауқымын анықтап алыңыз! Белгілі бір мерзімде қанша сүре немесе аят жаттағыңыз келетінін шешіңіз! Аздан бастап, бара-бара көбейтуіңізге болады.
Алла осы бір сауапты істе Жәрдемшіңіз болсын!
♦ Ескерту:
- Әйелдер етеккірі келгенде қолдарына Құран кітабын алмайды, дауыстап оқымайды, тек жаттаған аяттарын іштей қайталауларына рұқсат.